2017 жылғы 14 қарашада № 8 және № 21 топтарда колледждің 50-жылдық мерейтойына байланысты іс-шара өткізілді.

Жүргізішілер іс-шараның басында қонақтарды таныстырды. Олар колледждің алғаш құрылған кезінен бастап жұмыс істеген педагогикалық қызмет ардагарлері болды. Аксенова Анна Ивановна – тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, партияны ұйымдастырушы; Саранская Елена Ивановна – комсомолдық ұйымның бірінші хатшысы; Власова Людмила Ильинична – тарих пәнінің мұғалімі, Маханькова Мария Григорьевна – өндірістік оқыту шебері.
Кездесу достық, рухани жағдайда өткізілді, ардагерлер колледж өмірінен әңгімелер айтты, фотосуреттер көрсетті. Жағдаяттар әртүрлі әзіл – қалжыңды болды, балалар қонақтарды ықылас қойып тыңдады, көңіл күйлері көтеріңкі болды. Күніне 4 рет тамақтанып, оқыған студенттердің бірыңғай формасының болғанын және оқу жылының соңында колледж рейтенгісінің жеңімпаздары Одақтың әртүрлі елдеріне барғанын тыңдау өте қызықты болды.
Іс-шара бір-біріне жылы тілектерімен аяқталды, ал біздің ардагерлеріміз өздерінің бақытты өмірінен табысқа жету рецептерімен бөлісті.