2017 жылы 22 қарашада «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да колледжіміздің атаулы 50 жылдық мерейтойына арналған студенттердің қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Конференцияның мақсаты: ғылыми білімдерін насихаттау жөніндегі жұмыстарды белсенділендіру, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру, студенттерді ғылыми шығармашылыққа және зерттеу жұмыстарына қатыстыру. Конференция 2 кезеңнен: пленарлық және панельдік секциядан тұрды.
Конференция жұмысы «Гореть самим, зажечь других!» ұранымен өтті.
Конференция жұмысына 21 жоба ұсынылды. Конференцияның нәтижесі бойынша келесі орындар берілді.Техникалық пәндер секциясынан тау-кен техникалық колледжінің студенттері екі бірінші орын алды, олар:Овчаренко Антон, Беляев Абай (жетекшілері: Д.Каримова, Е.Генш), 2 орын – құрылыс техникалық колледжінің студенті Джунусов Ануар (жетекшісі: Т.Сулейменова), 3 орын – гуманитарлық техникалық колледжінің студенті Синько Олеся (жетекшісі: А.Лисачева). Жалпы білім беру циклінен 1 орын – студент Мадина Ая Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі (жетекшісі: Ж.Торемуратова), 2 орын- тау-кен техникалық колледжінің студенті – Жунустаев Куат (жетекшісі: Л.Усембаева), 3 орын-құрылыс техникалық колледжінің студенті – Мырзахан Роза (А.Темирханова).
Барлық қатысушылар грамотамен, сыйлықтармен марапатталды. Конференция модераторы колледж әдіскері Р.Жумабекова.