2017 жылы 23 қарашада колледждің студенттері мен ата-аналары, ИПҰ арасында Екібастұз тау – кен техникалық  колледжінің 50 жылдығын мерекелеу шеңберінде және музыкалық бірлесіп орындау жолымен педагогтар, студенттер мен ата-аналардың шығармашылық қызметін белсендіру мақсатында  «Екі жұлдыз» конкурсы өтті.

Конкурсты дайындаған колледж психологі Т.М.Мухамеджанова мен студенттер кеңесі. Бұл конкурс «Қайырлы кеш, Қазақстан!» телевизиялық жобасының желісі бойынша негізделген. Конкурсқа студенттер, педагогтар мен ата-аналар  да қатысты.

Бағалау критерийлері:

-орындау мәнерлігі;

-музыкалық шеберлік деңгейі;

-сыртқы киімнің нөмір тақырыбына сәйкестігі;

-нөмірдің сахналық қойылымы;

-композициялық шешімі;

– көркемдік мәнерлігі;

-техникалық орындау деңгейі.

Әділ қазылар  құрамында колледж басшысы – С.М.Кабышева, басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары – Б.Н.Байжанова, колледж әдіскері – Р.А.Жұмабекова, студенттік кеңесінің мүшесі – Виктор Киреев жұмыс істеді.

Барлық конкурстың барысында конкурсқа қатысушылардың дайындықтарының жақсы деңгейін, ұсынылған нөмірлерініңтақырыбына, сахналық қойылымына сәйкестігін, сонымен бірге 3 жүргізуші Бейсенова Жансая, Бупеков Жанибек пен Горбань Эдуардтың үздік сөз сөйлеулерін белгілеп отырды.

Конкурстың  қорытындысы негізінде  мемлекеттік тілде «Қайда» әнін орындағаны үшін ГРАН-ПРИ алған Игнатова Анастасия мен Веселова Елена шығармашылық ұжымын атап айтуға болады.

1 орын  «Туған жер» әнін орындағаны үшін өндірістік оқу шеберлері Мира Хамитова мен Алия Омароваға берілді.

2 орын «ЭМК» мамандығы бойынша №22 топ студенті Ерғанат Тлеубаев пен анасы Гүлназ Бекжановаға гитарамен «Свечи» әнін орындағаны үшін.

3 орынды «Лада – седан» әнін  орындағаны үшін «ТӨКҮ»№ 26 топ студенттері Диана Байзакова мен Ангелина Горбачева иеленді.

Номинациялар: Әділқазылар  «Ынтымақты жұп»  №24 топтың ата-аналары Хойылбай Тлейхан мен Әдиқұлан Харий «Арыс жағасында» әнін орындағаны үшін; «Үздік ән» – «Студенттік өмір» әні үшін Мирас Алдияровқа, Абиболла Ескендиров пен Ерсұлтан Қабдығалиға берілді; «Открытие года» – «Не пара» әнін орындағаны үшін Толғанай Зында мен Бауыржан Исаевке; «Самая обаятельная пара» – «Алтыным» өленің орындағаны үшін Динара Каримова мен Жанибек Мұхтарға;  «Көрермендер көзайымы» – «До, Ре, Ми» әнін орындағаны үшін Еламан Оспанов, Ильяс Сайфуллин мен Дәулет Сансызбайға; «За волю к победе»   – әнін ағылшын тілінде орындағаны үшін Андрей Хлебниковке берілді.

Қатысқандар грамоталармен, ескерткіш мерейтойлық медальдарымен, кружкалармен және магнткалармен марапатталды. Оларға үлкен алғысымызды білдіреміз және бұдан әрі шығармашылық табыстар тілейміз.

 Концерттін өте қанық және қызықты болуына залдын көркемдік ресімделуі де әсер етті. Қатысушылардың өздерінің репертуарға, костюмдеріне ұқыпты қарағандары, орындауда қандай да бір билеу кезеңдерін ойластырғандары, олардың шығармашылық өсуі байқалып тұрды.

Ең үздік нөмірлер музыкалық мектепте колледждің мерейтойын өткізу кезінде орындалды.

Қорыта келе, конкурсты өткізу кезінде және студенттерді дайындауға көмектескен ө/о  шеберлерін атап айтқымыз келеді. Барлық ұжымға, әндерді тандауға және нөмір бойынша билеуге көмектескен ө/о шеберлері Г.Ж.Опабекова, Ж.Ф.Копежанова мен Ж.Б.Иманкуловаға  ерекше алғысымызды білдіреміз.

Бұл конкурстың болашақта біздің колледжіміздің жақсы дәстүрінің бірі болғанын қалаймыз.