Тәуелсіздік күні – жанарға жас толтыратын, ерлік пен өрлікке тағзым жасататын қасиетті күн. Осы қасиетті күн тәуелсіздікке ұмтылу жылдарында қан кешкен асыл боздақтардың асқақ рухтарының аспандайтын күні.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  мерейлі мерекесіне орай желтоқсанның 15-і күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Елім менің жасасын…»  атты әдеби-музыкалық  іс-шара өткізілді. Іс-шара кезінде жастардың еліме, жеріме деген сүйіспеншіліктері байқалды.

Колледж басшысы  С. М. Кабышева барлық қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Іс-шара барысында  презентация көрсетіліп, Қазақстанның тәуелсіздікке жетуінің негізгі кезеңдері жөнінде айтылды. Колледж студенттері  «Желтоқсан желі» бейне-ролигімен 1986 жылғы оқиға туралы көрініс,Тәуелсіздік, Отан тақырыбында өлеңдерін оқып, өз қабілеттерін көрсетті. Іс-шараның соңы «Егеменді еліміз жасай берсін!» әнімен аяқталды.