2017ж. 06 желтоқсанда өндірістік оқыту шебері А.А.Оразымбетова «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізді. Іс-шараға тау-кен мамандығы бойынша № 8, 13, 19-топтың студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар жоғары белсенділік, танымдық қызығушылық танытты және мамандық бойынша үздік кәсіби білімдерін көрсетті. Ойын соңында қатысушылар жүлделермен марапатталды.