Павлодар облысының 80-жылдығына және Астананың 20-жылдығына арнап, 2018 жылдың 22 ақпанында «Үздік дәнекерлеуші-2018» атты кәсіби шеберлікті көрсету қалалық сайыс өтті. Біздің колледжіміздің атынан шебер-нұсқаушы Сабденбеков Н.С. және өндірістік шебер Абетова Г.П.  басқарумен екі студентіміз қатысты. Студенттермен келесі практикалық жұмыстар орындалды: тігінен тақтайшаларды дәнекерлеу мен айналмалы жағдайдағы құбырды дәнекерлеу.

№12 топтың «Электргазбен дәнекерлеу» мамандығы бойынша гран-при иегері Тезекбай Мирас және 3-орынды осы топтын студенті Алшимбаев Равиль иеленді.