2018 жылдың 7 наурызында Қ.Пішенбаев атындағы ЕТТК ұжымына 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған 1 және 3 курс студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама дайындалды. Іс шараның салтанатты бөлігін өндірістік оқыту шеберлері Г.П. Абетованың, Л.К. Усембаеваның басқаруымен  үшінші курс №9 және №12 топ студенттері дайындады. Осы іс шарада  әрбір топ  әйелдер ұжымын түрлі шығармашылық номерлерімен құттықтап өтті. №8, №11, №24 топ студенттері атынан  әндер орындалды, №26 топ студентінің орындауында классикалық би, №25 топ студенттерінің орындауында «Ғашық студент» атты әзіл көрінісі көрсетілді. Біздің студенттердің дайындаған  құттықтаулар үшін, әйелдер ұжымы шын жүректен  алғыстарын білдірді.