Колледжде Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күнін өткізу үшін осы атаулы күнге арналған келесі іс-шаралар жоспарланып жүзеге асырылды: Азаматтық қорғаныс күнінің ашылуы – «Азаматтық қорғаныс күнінде студенттердің дайындығы мен қатысу міндеттері, іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» топтық жиналыстар, жалпыколледждік линейкалар өткізу (1,3-курстар), «ТЖ және біз ол туралы не білеміз?», «Қазіргі баспадағы АҚ» тақырыпшалары бойынша альбомдар, кітаптар, кітапшалар көрмесі, «Экологиялық проблемалар», «Табиғат және біз» үздік қабырға газеті конкурсы (1-курс), АҚ және ТЖ бойынша викторина (1,3-курс), сынып сағаттары «Апатты жағдайлар (дауыл, су тасқыны, өрт, улы заттарды тастау) кезіндегі халықтың әрекеті».

    Сонымен бірге АӘД ұйымдастырушы-оқытушысымен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану дағдыларын жетілдіру бойынша жаттығулар өткізілді (1-курс), колледждің медицина қызметкерімен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар ұйымдастырылды.

   «Тігін ісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша №26-топ студенттері мен колледждің оқытушылар құрамы командалары арасында «Сандружиналар, алға!» азаматтық қорғаныс бойынша жарыстар қызықты болды.

    Соңында ТЖ Басқармасы өрт бөлімінің бас маманы Ж.К.Маймановпен кездесу өткізіліп, кездесу барысында 3-курс студенттеріне Көкшетау техникалық институтына түсу жағдайлары жөнінде ақпарат берілді, сонымен бірге өрт сөндіргіштерді пайдалану ережелері бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

   Барлық жоспарланған іс-шаралар келісілген жоспармен белгіленген мерзімде өткізілді, талдау жасалынды. Қорытындысы жалпыколледждік линейкада айтылып, көбірек ерекше көзге түскен студенттер мен колледж қызметкерлері грамоталармен, сыйлықтармен марапатталатын болады.