2018ж. наурыздың 20-ы күні Қосым Пішенбаев  атындағы колледжде  «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік үлкен той ұйымдастырылды.

Наурыз- қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту,табиғаттың оянуымен бірге қазақстандықтардың жан дүниесін дүр сілкіндіретін,рухани мереке. Наурыз мерекесіне колледж студенттері , оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, ата-аналар белсенді атсалысып, ай басталғаннан бері ұлттық нақыштағы киімдер киіп, оқу ордасының дәлізі қазақи оюлармен, студенттердің өз қолдарымен жасалған көктемгі сары, қызыл қызғалдақ

гүлдермен безендірілді. Колледж студенттері №22,23,24,25,26,11 топ бойынша «Сүйінбай ауылы»,Бұқар жырау ауылы», «Мәшһүр Жүсіп ауылы» болып бөлініп, әр ауылдың тұрғыны ретінде  ата-аналарымен бірігіп дайындаған салт-дәстүр түрлерін көрсетті. Наурыздың құрметіне шашу шашылып,колледж басшысы С.Кабышева құттықтау сөзін айтты, ата-аналардың атынан ақ бата беріліп,ұлттық дастархан жайылып,барлық студенттерге наурыз көже,бауырсақ таратылып,мереке соңында барлығы қазақтың «Қара жорға» биін билеп, мәз-мейрам боп тарқасты. Наурыздағы аппақ көңілімізге , ақ арман үміттеріміз жалғаса бергей-демекпіз.