06 сәуір күні 1,2 курс студенттерімен наркологог дәрігер Женісова Ж. Ж. кездесу өткізді.
Біздің ғасырымыздың басты дерті — нашақорлық.
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар мазалап , колледж студенттері кездесу барысында өз сұрақтарына нақты жауап алды.