2018ж 13 сәуір күні «Достық» үйінде Жастар бастамаларын дамыту орталығы ұйымдастырған Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында рухани ұрпақ қазынасы, қазақ халқының ежелгі лиро-эпостық жырлары негізіндегі пәк махаббат сезімі жолындағы күрес, жүректі тербетер сан қилы оқиғаларды дәріптеу мақсатында, тарихтың өткен кезеңдерін, қазіргі заманғы шындықпен байланыстыра отырып, рухани қазынамызды дәріптеп салт- дәстүрлерімізді насихаттау бағытында «Алғашқы махаббат» тақырыбында ауқымды сахналық қойылымдар фестивалі өтті.
Бұл іс-шараға біздің колледжден «Токарь» №24 топ студенттері мен олардың ө/о шебері Иманкулова Жамила Байтұрсыновна,кураторы Махметова Сандуғаш Темірболатовна,оқу орнының көркемдік жетекшісі Қабыкен Жомарт белсенді атсалысты. Сахналық көріністе «Қыз Жібек» жырынан үзінді көрсетілді. Бекежанның рөлін Шарапов Тілеубек,Төлегеннің рөлін Тилейхан Ғаламбек, Жібектің рөлін Бейсенова Жансая сомдап, көрермендерді сахналық шеберліктерімен тәнті етті. Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хат, мақтау қағаздарымен марапатталды.