№ 17-топ студенттері 22 адам шамасында өндірістік практиканы дуалдық оқыту бойынша «Богатырь Көмір» ЖШС РГТО зауытында және 1 адам жеке шарт бойынша «БВР-Сервис 2030» ЖШС-де өтті.
Білім алушылар өндіріс жағдайында оқытылды және білікті жұмысшы-тәлімгерлер мен өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен жаңа технологиялық процестер мен жабдықтарды зерделеді, оқу шеберханаларында алған өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдірді.
Дуалдық оқыту жүйесі бойынша балаларға тест тапсырмалары арқылы өз білімдерін тексере алатын дәріс сабақтары мен қашықтықтан оқыту секілді іс-шаралар жоспарланды. Барлық студенттер оқу бағдарламасын орындады, ІІІ дәрежеге – 3 адам және ІІ дәрежеге – 20 адам сынама жұмыстарын орындай отырып кезеңдік аттестация тапсырды.