2013 жылы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіне АҚШ елшісі азамат Тимати Лоренстің басшылығымен американдық делегация келді. Сол кезде өзінің сөзінде елші колледж студенттеріне Европа мен АҚШ-да кәсіби жұмысшы кадрлардың тапшылығы туралы және олар басқа елдерден жұмысшыларды шақыруға мұқтаж екендіктерін айтты. Сонда кәсіби шеберлерді анықтау және жұмысшы мамандықтарын насихаттау үшін кәсіби жұмысшы кадрлардың халықаралық чемпионаты WorldSkills International халықаралық қозғалысы құрылды.
2014 жылы Қазақстан алғаш рет колледж студенттері арасында кәсіби шеберлік конкурсын өткізу шеңберінде WorldSkills International қатарына енді. Содан бері қазақстандық студенттер жыл сайын 75 елдің ішінде өз қатарластарымен тең болулары үшін үздік атағына ие болуға ат салысады.
Сәуір айының соңында WorldSkills Павлодар 2018 аймақтық чемпионаты тәмамдалып оған Павлодар облысының 29 колледжінен 106 адам 14 біліктілік бойынша қатысты. Чемпионат барысында студенттер дәнекерлеу жұмыстарын орындады және берілген сызбалар бойынша күрделі электрлік схемаларды жинады, СБҚ станоктарында орындай отырып 3D форматында бағдарламаның үлгісін жасады. Қатысушылардың жұмыстарын сыртқы сарапшылар, оның ішінде Екібастұз қаласының әлеуметтік серіктестері мен жұмыс берушілері бағалады. Әділқазылар құрамында «Проммашкомплект» ЖШС өкілі Е.Т.Амренов пен «Богатырь Комир» ЖШС өкілі П.А.Шалапов болды. Жеңімпаздар Павлодар қаласының жастарды дамыту орталығында марапатталды.
Облыстық чемпионатының жүлдегерлері арасында осы жарысқа 3 біліктілік бойынша қатысқан Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің 3- курс студенттері де бар.
«СБҚ станоктарындағы токарлық жұмыстар» біліктілігі бойынша №11-топ студенті Ашимов Дидар 2-орынды, «Дәнекерлеу ісі» біліктілігі бойынша №12-топ студенті Тезекбай Мирас 3-орынды иеленді. «Электромонтаж» біліктілігі бойынша №10-топ студенті Назымбеков Мади қатысып сертификат алды. Мұндай жарыстар жұмысшы мамандықтары мәртебесінің және кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал етеді, болашақ мамандардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектеседі.
Конкурстың барлық жүлдегерлері, сонымен бірге тәлімгер-шеберлері В.А.Валяр, Н.С.Сабденбеков, Г.П.Абетова, И.К.Балуанова Павлодар облысы білім беру басқармасының грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды.
Алдағы уақытта 3-курс студенттерінің алдында өздерінің кәсіби дайындықтарын тағы бір рет дәлелдеу үшін диплом алдындағы практикасы мен бітіру біліктілік емтихандары жоспарланып отыр. Колледждің инженерлік-педагогикалық ұжымы көптеген түлектер үшін колледж дипломы ересек өмірге жолдама болатынына сенеді.