11 қазан күні колледжде Аскарова Ж.Ж. нарколог -дәрігермен кездесу өтті.
Іс-шара барысында ағза қызметіне ақау келтіріп қана қоймай, ауыр психикалық және бас миының зақымдануына әкеп соғатын жаңа психобелсенді заттарды тұтынудың ауыр салдары туралы түсіндіріліп, тақырыпқа қатысты бейнеролик көрсетілді.
“Егер бұл туралы бейнеролик көрсетпесек, оның не екенін, қаншалықты зиянды екенін түсінбес едіңіздер”, – деді нарколог-дәрігер Аскарова Ж.Ж.
Жулдыз Жүсіпқызы студенттерге нашаны тарату, қолдану үшін жауапкершілікке тартылатындарын айтты.
“Бір рет дәмін көрем де, қоя салам” десеңіз – қателесесіз! “Тәуелді болып қалсам, дәрігер емдей салады” деп ойласаңыз да – қатты қателесесіз! Нашақорлық – ең ауыр дерт-деді дәрігер, одан оңай айғуға болмайды.
Кездесудің соңында студенттер сұрақтарын қойып,нақты жауап алды.