2018 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында жыл сайынғы STARTUP BOLASHAK “Менің Арманым” жастар бизнес жобаларының ұлттық конкурсы өтті.

            Байқауға қатысушылардың міндеті идеядан прототипке дейін жету.

            Біздің колледжімізді “Наш продукт” бизнес жобасын өндірістік оқыту шебері А. Ж. Исинаның басшылығымен Шелудько Евгения таныстыра отырып, 1-ші орын иеленді.

            Жыл бойы республиканың барлық аймақтарынан қатысушылар байқаудың іріктеу кезеңдерінен өтті. 5000-ға жуық жоба қаралып зерттелді.

            Финалға 30 жоба қатысып, оның ішінде конкурстың телевизиялық кезеңіне 15 бизнес-идея өтті.

            Жеңімпаздарға өз жобасын жүзеге асыру үшін инвесторлармен жұмыс жасау ұсынылды.