2018-2019 оқу жылының қыркүйегінен бастап колледжде жас мамандарды сәтті бейімдеу үшін “Жас маман мектебі” жұмыс жоспары әзірленді. Мақсаты – заманауи білім беру жағдайында жас маманның сәтті бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау. Жас мамандармен жұмыс жоспар бойынша жүргізіледі. Әрбір жас педагогқа оқытушы-тәлімгер бекітілген.

2019 жылы 6 ақпанда дөңгелек үстел түрінде жас маман мектебінің отырысы өтті, онда әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті.

Жас әріптестер алдында басшысының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Н.П. Касаткина тақырыптық және сабақ жоспарлары туралы мәселелер бойынша, арнайы пән оқытушысы Д.Н. Сарсенбаева жас мамандармен кеңес өткізу туралы сөз сөйледі. Әдіскер Р.А. Жұмабекова сабақ түрлері және сабақ жоспарлары туралы сөз сөйледі.

А. Ж. Исина және “Жас маман мектебі” ЦӘК жетекшісі С.М. Зейнулина құжаттамалар мен дидактикалық материалдарды жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Жас педагог мектебінің отырыстары жас педагогтарды білім беру мекемесінің білім беру үдерісіне барынша жылдам қосылу жағдайын жасай отыра, жаңа бастаған педагогтердің кәсіби деңгейін, әдістемелік дағдыларын, үнемі өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастырады.