22 ақпан күні «Павлодар көлік және коммуникация колледжінде» КМҚК «OFFICE PROFI» ақпараттық технологиялар саласында халықаралық қатысуымен областық конкурс өтті.

            Конкурсқа барлығы Омск қ. «Сібір кәсіптік колледжі» (Ресей Федерациясы) мен Павлодар облысы колледждерінен 30 студент қатысты. «Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК атынан Горбань Эдуард пен Веригин Юра есімді студенттер қатысты, студенттерді физика-информатика оқытушысы Садыкова Гульжан Жакишевна дайындады.

            Шартқа сәйкес, қатысушыларға MS Word пен  MS Excel офистік қосымшаларын кәсіби деңгейде меңгеруде екі сағат ішінде екі тапсырманы орындау қажет болды. Конкурс ұйымдастырушылары кез келген сала мамандарына бүгінгі күнде осы бағдарламаларды меңгеру өмірлік қажеттілікке айналып отыр деп есептейді.

            Облыстық конкурс нәтижесі бойынша Горбань Эдуард ІІІ дәрежелі дипломды иеленіп, ИНЕУ-де іріктеу турынсыз олимпиадаға қатысу үшін  сыйлық сертификатына ие болды, ал Веригин Юра сертификат алды.

            Жарайсыңдар!