2019 жылы 19 ақпанда “Металл өңдеу және дәнекерлеу” апталығы аясында “Токарь” мамандығы бойынша № 31 және 33 топ студенттерінің қатысуымен “Жетістік формуласы” зияткерлік ойыны өткізілді.

Іс-шара барысында оқытушылар И. А. Калашникова мен А. Ж. Исина студенттермен бірге жетістік формуласының қосындыларын ашты. Қазақстанның жас табысты адамдарымен танысты.

Команда қатысушылары токарлық металл өңдеу, қауіпсіздік техникасы бойынша білімдерін көрсетті.

Құзыретті қазылар алқасы құрамында: ОӘЖ жөніндегі басшының орынбасары Р. А. Жұмабекова, арнайы технолог Д. Н. Сарсенбаева, өндірістік оқыту шеберлері Г. П. Абетова мен Ж. Б. Иманқұлова жеңімпаздарды анықтап, оқушыларды тәтті сыйлықтармен марапаттады.

Іс-шара ойыны студенттер мен қонақтардың флешмоб орындауымен аяқталды.