7 қазан күні «Кеншілер және электромонтер» апталығы шеңберінде арнайы технология оқытушылары мен ө/о шеберлерінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өтті. Сыныптан тыс байқауға № 29, 35,27,39,31,32,38 топтары белсене қатысты.
«Хакатон» байқауы- презентация идеясы 12 критериясымен бағаланды, модераторы С.О. Кокаева.
Техника қауіпсіздігі білімін тексеру байқауын А.М. Умарова мен Е.Д.Генш ойын түрінде өткізді.
«КВЕСТ» ойынын И.К.Балуанова, М.С.Хамитова және А.М.Умарова жарыс түрінде жүргізді.
Кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде №5,7,9,11,17,18,33 мектептерінің оқушылары шақырылды, олар апталыққа белсене қатысып, көмек көрсеткендері үшін мектеп басшылары мен мұғалімдерге алғыс хат, оқушыларға сертификат табысталды.
Сонымен қатар, студенттердің жасаған жұмыстары көрмесі ұйымдастырылып, онда, қолданыстағы стендтер мен макеттер көрмеде ұсынылды.