Біздің елімізде көптен мерекелердің ішінде тағы бір толғанышты және қадірлі мереке ол –қариялар күні. 1 қазан айында, алтын күз мезгілінде бүкіл назарымыз карттар күніне арналған, жылы сөздер және тілектеріміз. Қарттардың жасын күз мезглімен салыстырады.
Әр жыл мезгілі өз қасиеттерімен ерекше, жәнете әр «жас мезгілі» де қайталанбас. Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат – аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады. Біздің Екібастуз тау –техникалық колледжі бізде жұмыс істеген жумысшыларға мереке өткізді. Қарттар өте қуанып қалды, оларды ұмытпағаны үшін. Біздің қарттар үшін әр-түрлі музыкалық нөмірлер және көркем шығармашылықтар тағайындады. Асыл қазыналарымызға өте көп жылы сөздер айтылды. Мерекелік кештер мен қаржылай көмек, жастар тарапына жылдың бір ғана күнінде көрсетілетін қамқорлық деген жақсы ғой… Алайда, қарттардың жанары жәутеңдеп, есік пен терезеге телміріп отырған апаларымыз бен аталарымызды бұл жұбата алады. Замандастарымыздың тоғыз ай құрсағында көтеріп, дүниеге әкеліп, түн ұйқысын төрт бөліп асыраған анасы мен қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай ер жеткізген. Мерекелеріңізбен біздің асыл қазыналарымыз, сіздерге барлық жақсылықтарды тілейміз.