7 қазан күні «Кеншілер және электромонтер» апталығы шеңберінде арнайы технология оқытушылары мен ө/о шеберлерінің ұйымдастыруымен көптеген іс-шаралар өткізілді:
– «Хакатон» байқауы, модераторы С.О. Кокаева.
– Техника қауіпсіздігі білімін тексеру байқаудың ұйымдастырушылары А.М. Умарова мен Е.Д.Генш.
-«КВЕСТ» ойынын модераторлары И.К.Балуанова, М.С.Хамитова және А.М.Умарова.
Кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде №5,7,9,11,17,18,33 мектептерінің оқушылары шақырылды, олар апталыққа белсене қатысып, көмек көрсеткендері үшін мектеп басшылары мен мұғалімдерге алғыс хат, оқушыларға сертификат табысталды.
Сонымен қатар, студенттердің жасаған жұмыстары көрмесі ұйымдастырылып, онда, қолданыстағы стендтер мен макеттер көрмеде ұсынылды.