Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері  «Турксиб» темір жол мамандығы бойынша Республикалық олимпиадаға белсене қатысты.

 Олимпиаданың мақсаты:

  • Студенттердің білімдерін анықтап, ой өрістерінің дамуына ықпал ету;
  • Студенттердің  біліктілік қабілетттерін  анықтау ;
  • Студенттерді өз бетінше ізденуге бейімдеу.

Олимпиадаға 27 студент қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 3 студент 1 -орынға ие болды. Олар: Квачко Антон, Загодыренко Евгений, Цыганов Владимир, ал 3 курс студенті  Караталова Наргиза 3-орынды иеленді.  Олимпиадаға қатысқандардың ішінен  12 студент  4 орын алса, 11 студент олимпиада сертификатымен марапатталды. Олимпиадаға дайындағаны үшін бірнеше оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері Исаев Бауыржан Базарбаевич,  Балуанова Индира Каирбековна, Садыкова Гульжан Жакишевна, Мурзаханова Марьям Умитбаевна, Жаябаева Гульназ Амангельдиновна, Усембаева Ляззат Каратаевна, Бейсебаева Айгуль Мухтаровна URKER MITEC Алғыс хатымен марапатталды.

Білім алушыларға білімнің шыңынан көріне берулеріне шын жүректен тілектеспіз!