Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында ел тарихынан терең сыр шертетін  іс-шараларды тарих пәнінің оқытушысы

 Булькендикова Т. А. ұйымдастырды.  І курс студенттері арасында «Тарих  парақтарынан» тақырыбында зияткерлік-танымдық ойын  өткізілді. «Электромонтер» мамандығы бойынша оқитын І курс студенті Голыга Данила жүлделі І орынға ие болды. І және ІІ курс студенттері арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысы өтті.

 ІІ курс студенттері – Осолодков Артем,Загодыренко Евгений, Қуатов Диас қоржындарына ең көп ұпай жинап,бас жүлдені ұтып алды.

   Біздің білім ордамызда «Тәуелсіздік  таңы сөнбесін!» атты мерекелік  салтанатты концерт өткізілді. Іс-шараның мақсаты-Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы  тарихын баяндау арқылы жастардың бойына еліне,жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Іс-шара мемлекеттік әнұранды орындаумен басталып,патриоттық өлеңдер оқылды.

   І курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп,көрермендерді тәнті етті.

Колледж басшысының міндетін атқарушы Б.Байжанова өскелең ұрпақты тәрбиелеуде баға жетпес үлесі үшін оқытушылар мен қызметкерлерге құрмет грамоталарын тапсырды.

Концертке жиналған көрермендер мен студенттер   «Мен қазақпын!» әнін хормен айтып, өз ризашылықтарын білдірді.