2020 жылдың 31қаңтарында «Электр жабдықтарын жөндеу және кызмет көрсету электромонтері»мамандығы бойынша №23 топ студенттері өндіріс-тәжірибені қорғады. Барлық 25 студенттің бәрі жеке өздерінің тәжірибие өту бойынша есебін берді.Студенттер қаламыздың әр-турлі кәсіпорындарда тәжірибие өтті. Олар: ЖШС «Богатырь Көмір», ЖШС «Техноцентр- Екібастұз», ЖШС «ЭЗЭМ», ЖШС «Тамыр», ЖШС «Паритет», АҚ «ГРЭС-2». 25 студенттің ішінен 10 студент ақылы тәжірибе өтті. Өндірістік тәжірибеде кандай тәлім тәрбие алғандары және білім біліктіліктерін артырғандары туралы мәлімдеді. Сонымен қатар өндірістегі электржабдықтарын бөлшектеу және жинақтау жұмыстардың қыр сырларымен танысып, оңтайлы әсерлерімен бөлісті.