«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК студенттері колледжішілік, сонымен қатар қалалық іс-шараларға белсенді қатысады.
Белсенді топтардың бірі «Токарь» мамандығы бойынша №36 тобының студенттерін ерекше атап көрсетуге болады, олар өздері мұқтаждарға азық-түлік және киім жинауда, сондай-ақ онкологиялық науқастарға барып, оларға қолдау көрсетеді. ҰОС және еңбек ардагерлеріне үй мен ауладағы қарды тазалауға көмектеседі. Аталған топтың көшбасшылары Кайрлы Ислам, Әбет Алдияр және Сапш Мади.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 11 ақпаны күні «Еріктілер жылы-2020» аясында колледж командалары арасында волейболдан спорттық іс-шара өткізді. Жарысқа ЕПК, ИнеуЕк, ЕкИТИ студенттері қатысты, мұнда ЕТТК командасы 1 орынға ие болды.