Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ұстаздардың біліктіліктерін және білім алушылардың танымдық пен шығармашылық белсенділіктерін арттыру мақсатында 2021 жылдың 25-30 қаңтар аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы әдістемелік бірлестігінде физика, химия, математика және информатика пәндері бойынша апталық өтті.

Апталықтың ашылу барысында оқытушылар жұмыс жоспарымен таныстырып «Брейнг-ринг» ойынымен бастады. Барлық жоспарланған ойындар студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталды.

Физика пәні мұғалімі Калиева Гүлжан және химия пәні мұғалімі Конысбекова Жанар «Физика және Химия алғырлары» атты интеллектуалды ойынын өткізді. Онлайн режимде өткен жарыс танымдық тәжірибелермен және түрлі конкурстармен қызықты болды. Сайыс барысында білім алушылар көптеген жаңа мағлұматтар алды. Конкурс соңында жеңімпаздар белгілі болды. 1-орынды № 40-топ студенті  Гарипов Ильфат иеленді.  2-орын  № 41-топ студенті Тлектесов Алиға және 3-орын № 44-топ студенті Төлегенұлы Муслимге тиеселі болды.

Садыкова Гүлжан мен Мусабаев Бекежан математика және информатика пәндері бойынша «Своя игра» викториналық-танымдылық ойынын өткізді. Түрлі мазмұндағы жұмбақтар шешілді. Геометриялық фигураларға, сандарға байланысты тапсырмалар орындалды. Ойлау қабілеттерін дамытатын жаттығулар  мен әзіл аралас есептер де ойынды қызықты әрі тартымды етті. Жинаған ұпайларына байланысты 1-орынды № 41- топтан Дмитриев Данил және 2-орынды № 40-топтан Ковязин Никита бөлісіп алды.

Шығармашылық жұмыстардың қорытындысын шығара келе «Ең әдемі сурет» номинациясында № 42-топ студенті Мецлер Виолетта жеңімпаз атанды. Шығармалар сайысында мазмұнының маңыздылығымен ерекше көзге түскен «Физика, химия, математика  және информатика менің мамандығымда» атты тақырыппен № 42-топ студенті Ирсаинова Дильназ жеңімпаз болды. «Геометриялық фигуралар» тақырыбы бойынша № 43-топ студенті Акишев Данияр алға суырылып шықты.

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздар, белсенділік танытқан білім алушылар грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!