2021 жылдың 26 ақпанында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған “Жырлайды жүрек” байқауы өткізілді.

Мақсаты: Ел көлемінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойын атап өту және жас ұрпақтың жадында ақынның бай мұрасын жаңғырту.

Республикалық байқау 2 кезеңнен тұрды. 1-кезең Мұқағали өлеңін жаттап алып, оны көркемдік мәнерлілік талаптарына сәйкес мәнерлеп жеткізу, ал 2-кезең – “Құдіретті жырың құндағы” идеясы бойынша бірнеше тақырыпқа эссе жазу болды.

Республикалық байқауға қатысқан колледж студенттері Сыздықов Ерсайын және Төлегенұлы Мүслим 1 кезеңнен өтіп, 2 орынға ие болды. Эссе жазу кезеңіне Ерлан Сыздықов қатысып, 1 орын алды. (Жетекшісі: Жумабекова Рысты Айтмағанбетовна).