15.03.2021 ЭОП-42 тобы, сынып жетекшісі Кокаева С.О. және топ шебері Исина А. Ж. Zoom-да наурыз Шаттық күні-қуаныш күні мерекесіне арналған сабақтан іс-шара ұйымдастырды.

Бұл күнді әркім қуанышты өткізіп, көңіл сергітер шараларға арнайды. Ренжіскен адамдар бір-бірін кешіріп, қонаққа шақырады, өзі қонаққа барады. Жүрген жеріне және қонақтарға жолдық таратады.Ұлттың шаттыққа бөленуі ағайынның татулығын арттырмақ. Сондықтан 20 наурыз «Шаттық күні» аталады.

ЭОП-42 тобының білім алушылары Наурыз мерекесіне орай тақпақ – тілектер оқыды. Іс-шара қонақтары мен қатысушылары зияткерлік викторина ойнады.