2021 жылғы, 29 наурызда  ZOOM форматында 15.30. колледжішілік «Шеберлік. Идеялар. Инновация» тақырыбында конкурс өтті.

Мақсаты: Озық педагогикалық тәжірибені анықтау және жалпылау, білім беру қызметінде әр түрлі нәтижелері мен жетістіктері бар педагогтардың анықтау, өндірістік оқыту шеберлерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіби өсуге ынталандыру және кәсіби өзін-өзі жүзеге асыруда көмек көрсету, мұғалімдерге аттестаттаудан өту кезінде қолдау көрсету .

Байқауға қатысушылар арнайы пән оқытушылары: Исаев Бауыржан Базарбайұлы, Иманқұлова Жамила Байтұрсынқызы, өндірістік оқыту шеберлері: Опабекова Гүлмира Жанболатқызы, Бейсебаева Айгүл Мұхтарқызы, Жабикенова Балжан Дүйсенбаевна, Копежанова Жадыра Файзоллиновна, Воронова Ирина Михайловна, жалпы білім беру пәнінің оқытушысы Конысбекова Жанар Муратовна.  Сайыстың қорытындысы бойынша құзыретті қазылар алқасы келесі ұпайларды берді: Бауыржан Базарбайұлы – 147 ұпай, Айгүл Мұхтарқызы, Жадыра Файзоллинқызы, Гүлмира Жанболатқызы – 127 ұпай, Жамила Байтұрсынқызы. Ирина Михайловна-127 ұпай, Балжан Дүйсенбайқызы-113 ұпай. Колледжішілік педагогикалық шеберлік байқауының қатысушылары «Тәжірибе. Идеялар. Инновациялар » олардың оқу-әдістемелік, зерттеу жұмыстары 2-ші аймақтық турда ұсынылады.