2021ж. «28»  қазан күні орталық кітапхананың оқырмандар залында Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы  «Ислам  -мейірімділік пен бейбітшілік»  діні тақырыбында студенттік конференция ұйымдастырды.

Конференцияға Екібастұз колледждері мен Қ. Сәтбаев атындағы институт студенттері қатысты. Әділ қазылар ретінде қалалық мешіттің наиб иманы Сальманов Дидар Мұратұлы,психолог-Тлеубаева Айнұр Боранбаевна , КҚТДО  басшысы Туребаев Нұрлан Серикович шақырылды.

Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің атынан  «Тігінші» мамандығы бойынша оқитын ІІІ курс студенті

Шалабай Назгүл қатысты.

Назгүл   «Қожа Ахмет Яссауи және оның шәкірттерінің миссионерлік қызметінің қазақ даласының рухани өміріне әсері» атты тақырып бойынша зерттеген жұмысын ортаға ұсынды. Ғылыми жетекшісі-қазақ тілі мен әдебиет оқытушысы Махметова Сандуғаш Темірболатқызы.

           Студенттік конференцияның қорытындысы бойынша   

         Шалабай Назгүл жүлделі ІІ орынға ие болды.

                                        Құттықтаймыз!

 Білімнің шыңдарын игеріп,жеңіске жете берейік!