2021жылғы 11-15 қазан аралығында инженерлік сала бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Республикалық кәсіби шеберлік конкурсының 1- кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты: арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін анықтау,педагогикалық тәжірибе инновацияларын тарату және арнайы пәндер оқытушылары мен ТжКБ жүйесінің МӨО-дың кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.
Байқаудың 1-кезеңіне Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінен арнайы пәндер оқытушылары Г.П. Абетова және Д.С.Каримова машинажасау мамандығы 0715 «Механика және металлөңдеу» бағыты бойынша қатысты.
Байқаудың 1 кезеңі теориялық, екі модульден тұрды.
Модуль 1-техникалық тапсырма бойынша графикалық редакторда сызба құру.
Модуль 2 – мамандық бойынша кешендік тест. Бұл сынақтардан әріптестеріміз сәтті өтті!
Арнайы пәндер оқытушылары Г.П. Абетова және Д.С.Каримова байқаудың тәжірибелік бөліміне 2- кезеңіне жіберілді.
Байқаудың 2- кезеңі 2021жылғы 08 қараша-10 қараша аралығында Семей қаласында өтеді.
Әріптестерімізге тәжірибелік дайындықтарын, оқу-өндірістік үдерісіндегі кәсіби біліктілік пен қалыптасқан дағдылар және инновациялық тәсілдердің үздік әдістерін көрсетуде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!