25.11.2021 жылы Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде ” сынып жетекшілерінің ӘБ отырысы өтті.

“Тәрбие жұмысында инновациялық технологияларды қолдану” тақырыбында арнайы пәндер оқытушысы Б.Исаев және математика пәнінің оқытушысы Б. Мұсабаев сөз сөйледі. Әріптестер инновациялық технологияларды пайдалану тәрбие процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретініне баса назар аударды. Сондай-ақ осы технологияларды қолдану бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Қиын жасөспірімдердің проблемалары бойынша педагог-психолог Т. Мұхамеджанова шағын пікірталас ұйымдастырды. Колледж психологы кәмелетке толмаған құқық бұзушылардың психологиялық ерекшеліктері туралы айтып, кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берді.

ӘБ отырысы психологиялық тренингпен аяқталды.