Ақпан айының соңында Павлодар облысындағы колледждердің әдіскерлері үшін «Қашықтан оқытуда интерактивті оқыту әдістерін қолдану» тақырыбында пікірталас алаңы өтті. Пікірталас алаңының модераторы әдіскерлердің оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Жумабекова Рысты Айтмағанбетқызы. «Колледждердегі білім сапасы: проблемалар және оларды шешу жолдары» пікірталас алаңының мақсаты қашықтықтан оқытуда білім беру мазмұнын жаңартудың жалпы тенденцияларын әзірлеу болды. Пікірталас алаңының жұмысы барысында Тереңкөл ауданының Аграрлық-техникалық колледжі Асаинова Бақтыгүл Нұрланқызының «Қашықтықтан білім беру технологиялары заманауи білім беру ортасын дамыту факторы ретіндегі» тақырыбында баяндамасы презентация түрінде ұсынылды. Шарбақты аграрлық-техникалық колледжі, Жармұханова Бақыт Қайыркешқызы «Қашықтықтан оқыту режимінде интерактивті оқыту технологиясы», Павлодар педагогикалық университеті М.Қанапиянов атындағы жоғары колледжі, «Қашықтықтан оқу жағдаясында» интерактивті әдіс-технология колледжі, Жоғары технологиялар колледжі Торайғыров университеті», Сарбасова Заура Елубайқызы, «ЖББ оқытуда белсенді әдістерді қолданудың тиімділігі», «Ертіс аграрлық-техникалық колледжі», Сағандықов Самат Пшенбайұлы, «ЖББ оқытуда интерактивті оқыту әдістерін қолдану». Әдіскерлер қашықтықтан оқыту режимінде озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.