2022 жылы 16 наурыз күні Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атанған Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың 100 жылдығына арналған «Талғат Бигелдинов-ұшқыш, батыр» атты портрет–кеші өткізілді. Студенттеріне ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың өмірі мен ерліктері туралы баяндайтын «Талғат Бигелдинов-аңызға айналған тұлға» атты презентация ұсынылды. Студенттер кітапханада «Талгаттың биік аспаны» атты деректі фильмін үлкен қызығушылықпен тамашалады.