2022 жылдың 30 наурызында “Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі” КМҚК базасында қала мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында “Сән технологиясы” құзыреттілігі бойынша WorldSkills juniors Ekibastuz 2022 бірінші қалалық жасөспірімдер чемпионаты өткізіледі. Байқаудың мақсаты: “Сән технологиясы” құзыреттілігіне оқушылардың назарын аудару, сонымен қатар оқушылардың “Сән технологиясы” құзыреттілігіне кәсіби бағдарлануын дамыту, жұмысшы мамандығын популизациялау және кәсіби саналы түрде таңдау.
Байқау барысында қатысушылар бірнеше модульден тұратын практикалық тапсырманы орындауы керек. Оқушылардың жұмыстарын білікті қазылар алқасы бағалайды, яғни колледждің әлеуметтік серіктестері: “Tailor – S” ЖШС, “Асылым” ЖК.
Сәттілік тілейміз!