2022 жылы 27 сәуір күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің командасы «EKB кеніші» тау-кен ісі саласындағы кейстерді шешу бойынша «Еуразия» онлайн инженерлік чемпионатына қатысты. Арнайы технологиялар оқытушысы А.М.Умарованың жетекшілігімен колледж командасы келесі студенттер құрамында: М.Сизиков, Е.Сырбу, А. Қайыркен, С.Зверев, М. Габбасов «Богатырь» разрезі жағдайында тас көмір кен орындары презентациясын әзірлеп, қазылар алқасына ұсынды. Жоба байқау қатысушыларының қызығушылығын тудырып, команда оған толық, дәлелді жауаптар берді. Байқау қорытындысы бойынша колледж командасы екінші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С.Аубакирова