2022 жылдың 5 қазанында колледж кітапханасында «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы №41 тобының студенттерімен және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Рысты Айтмаганбетовна Жумабековамен «Мамандық бойынша кітап оқимыз» атты ақпараттық сағат өтті. Кітапханашы О. В. Кожемяк теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу бойынша жаңа әдебиеттер туралы айтып берді. Студенттер кітапхананың кітап қорымен қызығушылықпен танысып, өз мамандықтары бойынша оқулықтарды оқып, қосымша білім алу қажеттігін мойындады.