2023 жылғы 21 ақпанда «Тәрбие Алаңы» облыстық жобалық кеңсесінің психологы Бахтина Валентина Юрьевна ата-аналарды «буллинг» ұғымымен таныстырып «Жастар арасындағы қатыгездіктен қалай қорғану керек» тақырыбында ата-аналар мен топ кураторларына жиналыс өткізді.
Буллингке және осындай жағдайға тап болған балаларына көмектесу тәсілдеріне, баласына мұқият болуға, онымен сенімді қарым-қатынасқа ұмтылуға, қиын жағдайларда оны қолдауға, оқытушылардан, психологтан және колледж әкімшілігінен көмек сұрауға байланысты мәселелер қарастырылды.
Жиналыс соңында ата-аналарға кеңес беру және жеке жұмыс үшін «Тәрбие Алаңы» жобалық кеңсесі және кеңсе байланыстары туралы ақпарат берді.