2023 жылғы 10 сәуірден бастап 14 сәуір аралығында.04.2023 ж. «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжі» КМҚК болашақ талапкерлерге арналған ашық есік күні өткізілді. Акт залында оқушылар үшін студенттік парламент мүшелері концерт-презентация ұйымдастырды. Іс-шараны Павел мен Аружан вальс биімен ашты, студенттер мамандықтар бойынша бейнеролик көрсетті: «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс», «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу», «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсетуші электр монтері», «Электр жабдықтары», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандықтары бойынша презентация, мастер-класс, студенттік өмірден үзінді, қала кәсіпорындармен серіктестік жайында көптеген ақпараттар айтылды.
56-топтың студенттері Калин Николай мен Балғабаев Али еркін күрес элементтерін көрсетті, 55-топ ән орындап, 52 және 59-топ студенттері ұлттық киім үлгілерін көрсетті. Басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ж. Садыкова сөз сөйлеп, түлектерге мамандықты дұрыс таңдауын тіледі, Студенттік Парламент төрағасы Алексей Кожухов колледждің студенттік өмірі туралы айтып берді. Іс-шарадан кейін оқушылар өндірістік ғимараттың цехтарына экскурсияға барды. Шебер-нұсқаушылар Н. Сабденбеков, Е. Касымов, Ж.Бейсенов, М. Мурзаханова, Б.Ергалиев, В.Валяр, И.Воронова, И. Юхименко СББ станоктары қалай жұмыс істейтінін, дәнекерлеу аппаратымен жұмыс істеуді, заманауи тігін машиналарын айтып, қонақтардың барлық сұрақтарына жауап берді. Оқушылар біздің оқу орнымыздың атмосферасын сезініп қана қоймай, оларды қызықтыратын шебер – нұсқаушыларға, сондай-ақ студенттердің өздеріне сұрақтар қоюға, білім беру бағдарламалары, қабылдау және оқыту шарттары туралы білуге мүмкіндік алды.
«Ашық есік күні» жақсы деңгейде өтті және іс-шараны ұйымдастырушылар мен қонақтар арасында жақсы әсер қалдырды.
Құрметті талапкерлер, біз сіздерді күтеміз!
Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжіне таңдау- дұрыс таңдау!