«Өнер» мәдениет сарайының алаңында 2023 жылғы 1 мамырда «Лидер» студенттік Парламентінің және басшының ОТЖ жөніндегі орынбасары Г.Ж.Садыкова Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты.
Мереке бағдарламасында Екібастұз қ. әкімінің орынбасары Б.С. Иманғалиева құттықтау сөз сөйлеп, этнос орталықтарының өкілдері әндерімен, «Тұмар», «Самұрық» хореографиялық би топтары өнер көрсетті, «Ел бірлігі» театрландырылған қойылымын, спорттық жарыстарды, «Тоғыз құмалақ», «Арқан тарту» ұлттық қазақ ойындарын, гир көтеруді тамашалады, балалар көркемсурет мектебі оқушыларының картиналар көрмесі, этномәдени орталықтардың ұлттық тағамдары ұсынылды.