Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында 2023 ж. 04 мамыр күні сағат 11.00 де Қ.Пішенбаев атындағы колледжде «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты ұйымдастырылды. Диктант жазуға 130 студент, 15 педагог қатысты.
Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу
Міндеттері: Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.
Диктант жазылмас бұрын студенттерге қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Р.А. Жұмабекова, С.Т.Махметова Қазақстан үшін тәуелсіздіктің орыны бөлек екені туралы айтып өтті.