2023 жылдың 10 мамырында «Лидер» студенттік парламент мүшелері, сондай-ақ қала волонтерлері «Есірткіге жол жоқ» акциясына қатысты.
Есірткіні бақылау департаменті мен пробацияның есеп беру қызметтері жастар бастамаларын дамыту орталығымен бірлесе отырып, графитиді бояу бойынша «Есірткіге жол жоқ» акциясын өткізді.
Акцияға қатысушылар топтарға бөлініп, бүкіл қала бойынша қауіпті суреттерді бояды. Бұл акция ай сайын өткізіледі!