ТЖ кезіндегі тәрбие дағдыларын пысықтау, өрт қауіпсіздігі саласындағы білімді насихаттау, жалпы қауіпсіз тәрбие мәдениетін арттыру мақсатында колледж студенттерімен және ұжымымен 2023 жылғы 12 мамыр күні сағат 10.30-да өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде эвакуациялау бойынша практикалық жаттығу өткізілді.
Тренингке 221 студент, 25 оқытушы және қызмет көрсетуші қызметшілер қатысты.
Бірінші әрекет өрт туралы хабарлама болды, колледж вахтері шартты сигнал берді. Келесі кезең ең маңызды болды. Бұл студенттерді колледж ғимаратынан эвакуациялау. Мұғалімдер шартты сигнал алғаннан кейін мүмкіндігінше тез, оқушыларды дәліздер, баспалдақтар арқылы ұйымдастырып, ғимараттан шығарды.
Әрі қарай, барлық оқушылар апаттық ғимараттан шығарылғанына көз жеткізді. Студенттер бірден нұсқаулықта алдын-ала белгіленген орынға шығарылды, бұл стадион. Мұнда барлық студенттер саналды, тізімдер бойынша салыстырылды.
Колледж студенттерімен төтенше жағдай байлансты эвакуациялау жаттығуы сәтті өтті.