Колледжде Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы азаматтық қорғаныс тобының өкілі лейтенант К.М.Баймамыровпен кездесу өтті.
Маман студенттерге шомылу кезінде судағы негізгі қауіпсіздік шаралары туралы, сондай-ақ кенеттен судағы оқиғаның куәгері болған жағдайда не істеу керектігі, құтқарудың негізгі әдістері және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері туралы айтты.
Студенттер суда жүзу ережелері, қауіпсіздік шаралары мен құтқару мүмкіндіктері туралы қызығушылықпен тыңдап, көптеген сұрақтарына жауап алды.
Кездесу соңында ТЖ маманы К.М.Баймамыров атап өткендей, мұндай іс-шаралардың мақсаты балаларда суда қауіпсіз жүріс-тұру ережелері туралы түсінік қалыптастыру және қауіп төнген жағдайда іс-әрекеттерді оқыту болып табылады.