2023 жылғы 13 мамырда бүкіл ел бойынша “9 ай – 9 іс-шара” аясында көшет отырғызу бойынша “Жасыл мекен” челленджі басталды. Студенттер, педагогтар және студенттер Парламентінің мүшелері челленджге белсенді қатысты.
«Жасыл мекен» челленджінің мақсаты білім алушыларды экологиялық мәдениетке, табиғат пен қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекқорлыққа, қоршаған ортаны көгалдандыруға тәрбиелеуге бағытталған.
Студенттер мен педагогтар 30 көшет (мамыргүл мен шие) отырғызды, челленджге 52 студент және 15 педагог қатысты.