2023 ж. 16 мамыр күні Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледждің оқытушылары С.Т.Махметова, Т.М.Мұхамеджанова , А.С.Каламбаев «Калкаман», «Қарасор», «Құлакөл» (Майқайын) кенттерінде жалпы білім беру мектептерінде 9 және 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Бұл іс-шараның мақсаты «Экскаватор машинисі», «Локомотив машинисінің көмекшісі», «Электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик», «Токарь», «Дәнекерлеуші», «Машина жасау технологиясы» және «Тігінші» жұмысшы мамандықтарына оқушылардың назарын аудару.
Әр адам мамандық таңдауда дұрыс таңдау жасау керек, сондықтан біздің колледжді таңдай отырып, талапкерлер болашақта сапа мен сенімділікті таңдайды!