2023 жылғы 23 мамырда Хромтау қаласында Хромтау тау-кен-техникалық жоғары колледжінің базасында ERG Skills алғашқы корпоративтік байқауы басталды. Конкурс «Колледждер Альянсы және ERG» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде ERG қолдауымен өткізіледі. Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері «Электромонтаж» және «Слесарлық ісі» бойынша құзыретіне қатысады. Барлық ұйымдастырушылық – техникалық мәселелер; жүру, тұру, тамақтану компания есебінен, сондықтан студенттерден тек өздерінің кәсіби қасиеттерін, білімдері мен дағдыларын іс жүзінде көрсету талап етіледі.
Жеңіспен оралуларына тілектеспіз!!!