2023 жылғы 24 мамырда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау – кен техникалық колледжінің кітапханасында “оқуға құштар колледж» жобасы аясында №55 топ студенттерімен бірге белгілі қазақ жазушысы Оралхан Бөкеевтің 80 жылдығына арналған «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» «Я прочитал и вам советую» атты библиокросс іске қосылды.
Кітапханашы О. В. Кожемяк студенттерге жазушының шығармашылығы туралы айтып, “Алтайдың асыл перзенті”презентациясын көрсетті. Студенттер Оралхан Бөкеев туралы “сиқырлы сөз шебері”бейнесін тамашалады.
Библиокросстың қорытынды іс-шарасы 2023 жылдың қыркүйегінде, жазушының 80 жылдық мерейтойында өтеді, онда студенттер Оралхан Бөкеевтің оқыған шығармалары туралы әңгімелейді.