2023 жылғы 19 мамыр күні облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігер-эпидемиологы У.Н.Мубаракова «ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күні» іс-шарасын өткізді. Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің мақсаты ЖИТС-пен ауыратын науқастар мен АИТВ-инфекциясын тасымалдаушылардың проблемаларына әлемдік жұртшылықтың назарын аудару болып табылады. Студенттермен «Миға шабуыл» викторинасы өткізілді, бейнероликтер, презентация көрсетілді, шағын топтарда жұмыстар жасалды.
Улжан Нурлыбековна «барлығы өз қолыңда», «сыпайы түрде бас тарту» тренингін өткізді, балалар шағын топтарда тапсырмалар орындады,»”ЖИТС-ке қарсы Вакцина» ситуациялық тапсырмалар қарастырылды, суреттер салды.
Іс-шара соңында дәрігер-эпидемиолог «білу-яғни өмір сүру» профилактикасы бойынша жадынамалар таратты.