2023 жылдың 19 мамырында № 56 «ERTOPS» тобының студенттері және өндірістік оқыту шебері А.М. Бейсебаева жастарға рухани-адамгершілік және отбасылық тәрбие беру алаңы – TEDx іс-шарасына қатысты.
Малдыбаева Жұлдыз Егеубайқызы өз сөзінде атап өткендей, отбасы тәрбиесінің негізі болып табылатын қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтай отырып, қоғамдық сананы, руханиятты, имандылықты, отаншылдықты түсіну және жаңғырту атмосферасын құруда жастар белсенділік танытуы қажет. Студенттер отбасылық салт-дәстүрлерді үйретуге үлкен ықыласпен қатысты, «Тұсау кесер», «Қыз ұзату», «Қалжа» ырымдарын көрсетті.
Пікірталас соңында қатысушылар әрі қарай өзін-өзі жетілдіруге, қоғамның қоғамдық өміріне белсене қатысуға және рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтауға дайын екендіктерін және тілектерін білдірді.